Accessibility links

Әбілов пен Қосанов түрмеде аштық жариялап отыр


"Азат" ЖСДП жетекшілері Әміржан Қосанов (ортада) және Болат Әбілов (оң жақта). Жаңаөзен, 2011 жылдың қыркүйегі.
"Азат" ЖСДП жетекшілері Әміржан Қосанов (ортада) және Болат Әбілов (оң жақта). Жаңаөзен, 2011 жылдың қыркүйегі.
Рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деген айыппен 15 күнге қамалған ЖСДП жетекшілері Болат Әбілов пен Әміржан Қосанов тұтқындалғаннан бері (25 ақпаннан бері) аштық жариялап отыр дейді олардың жақтастары.

Партия белсендісі Маржан Аспандиярова мен адвокат Серікқали Мусин бүгін қамауда жатқан саясаткерлермен кездесті.

Маржан Аспандиярованың айтуынша, Болат Әбілов пен Әміржан Қосанов «заңсыз әкімшілік тұтқындауға қарсылық ретінде денсаулықтары шыдағанша аштық жариялай бермек». Қамаудағы белсенділер екеуін бір камераға отырғызуды талап еткен.

Алматы әкімшілік соты ақпанның 25-інде «Қарсылық күні» митингісі өткеннен бері оған қатысқан оппозиция өкілдері мен бірнеше белсендіге айыппұл салды.
XS
SM
MD
LG