Францияның конституциялық кеңесі 1915 жылы Осман империясында армяндардың қырғынға ұшырағанын мойындайтын заңды конституцияға қайшы деп тапты.
Кеңес бұл заң "француз азаматтарының сөз бостандығы және өз еркін білдіру құқын бұзады" деген қаулы шығарды. Ал президент Николя Саркози парламентке армяндар қырғынын жоққа шығаруды қылмысқа теңейтін басқа заң жобасын дайындауды тапсырды.
Өткен жылдың желтоқсанында Франция парламенті "Осман империясында 1915 жылы армяндардың қырғынға ұшырауын мойындамау қылмыс" деп, ол үшін жауапқа тарту және ірі көлемде қаржылай айыппұл салуды қарастыратын заң қабылдаған болатын.
Түркия мұны қатаң айыптап, Франциямен әуе және теңіз байланыстарын жасауға шектеулер қойды.