Accessibility links

Шетпеде тағы бір адам ұсталды


Шетпеде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен ақпанның 27-сі күні тағы бір адам ұсталды. Ұсталған азамат – 35 жастағы Шетпе тұрғыны, жеке кәсіпкер Қасым Ермұқанұлы. Бұл турасында Азаттық радиосына айыпталушының әйелі Бағила Баймағамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, Қасым Ермұқанұлын дүйсенбі күні күндіз полиция ұстап әкеткен. Оған Қылмыстық кодекстің 241-бабының 1, 2, 3-тармақтары, 321-бабының 2-тармағы және 299-баптың 1-тармағы бойынша айып тағылып, екі айға қамауға алынды.
XS
SM
MD
LG