Accessibility links

Иранда парламент сайлауы басталды


Парламенттегі 290 орынға 3 мың 400-ден астам үміткер сайлауға түсіп жатыр.

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи сайлауға халықтың көпшілігі қатысатынына сенімді екенін айтып, сайлауды "Батыс елдеріне берілетін тағы бір соққы" деп бағалады. Бірақ реформашылар сайлауға байкот жариялаған болатын.

Сарапшылар Хаменеидің мақұлдауымен сайлауға түскен үміткерлер жеңіске жетеді дегенді айтады. Хомейнидің жақтастары президент Махмұд Ахмединежадты "экономиканы тұралатты" деп сынады.

Иран мемлекеттік ақпарат құралдары дауыс беруді діни парыз деп сипаттап, халықты сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.

Иранда 48 миллион сайлаушы бар.
XS
SM
MD
LG