Accessibility links

Шетелдік ҮЕҰ өкілдері Египеттен кетті


Египетте заңсыз шетел қаржысын пайдаланды деп айыпталып, қамалған египеттіктер. Каир, 26 ақпан 2012 жыл.
Египетте заңсыз шетел қаржысын пайдаланды деп айыпталып, қамалған египеттіктер. Каир, 26 ақпан 2012 жыл.
АҚШ, Сербия, Норвегия, Германия және Палестинаның құқық қорғаушылары мен белсенділері Египет соты елден шықпау туралы тыйымды жойған соң бұл елді тастап шықты. Египеттің MENA агенттігінің хабарлауынша, елден шыққан 15 адамның көпшілігі - америкалықтар.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд олардың әрбірі үшін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) кепілдікке 5 миллион АҚШ долларын төлегенін айтады.

Желтоқсан айында Египеттің қауіпсіздік қызметі демократия және адам құқықтарын қорғайтын 10 ұйымның кеңсесіне тексеру жасаған. Кейін ол ұйымдардың 29 қызметкерін "әскери билікке қарсы шетел қаржысын пайдаланды" деп айыптап, қамаған. Қамалғандардың 14-і - Египет азаматтары.
XS
SM
MD
LG