Accessibility links

Атырауда 47 адам терроризмге қатысты айыпталды


47 адамның бесеуі 2011 жылы Атырау қаласында болған жарылыстарға қатысты айыпталып отыр. Бұл туралы Атырау облысы прокурорының көмекшісі Ләззат Нұрмағамбетова хабарлады.

Қалғандары өткен жылдың тамыз және қыркүйек айларында Атырау және басқа аймақтарда жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ұсталған.

47 адамға террористік топ құру, оны басқару, экстремизмді және террорлық әрекеттерді қаржыландыру сияқты айыптар тағылып отыр.

Нұрмағамбетова қылмыстық істің сотқа жіберілгенін айтады.
XS
SM
MD
LG