Accessibility links

Қорғаушы: Козловқа операция жасалды


Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов
Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов
Тіркелмеген "Алға" партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловқа бүгін шабының көк етіне операция жасалды деп хабарлады қорғаушысы Алексей Плугов Азаттық радиосына.

Операция орталық әскери ауруханада жасалған. "Операция жақсы өтті, Козловтың жағдайы жақсы. Операциядан соң палатада жеті күндей жатады" дейді Плугов.

Оның айтуынша, қаңтардың 24-і тергеу абақтысында өткен дәрігерлік тексеру кезінде Козловтың қуығы ауыратыны анықталған.

Плугов операция Владимир Козловтың өз өтінішімен жасалғанын айтады.

Қаңтардың 26-сында Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Владимир Козловты "әлеуметтік араздық туғызды" деген айыппен екі айға қамауға шешім шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG