Accessibility links

Иран сайлауы: Аятолла Әли Хаменеидің жақтастары алда


Дауыс беруге келген адам. Иран.
Дауыс беруге келген адам. Иран.
Ирандағы парламент сайлауының алғашқы нәтижелеріне қарағанда, ел президенті Махмуд Ахмадинежадтың қарсыластары алда келеді.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің жақтастары бірнеше уәлаятта жеңіске жетті. Ахмадинежадтың қарындасы, президент туып-өскен Гармсар қаласынан сайлауға түскен Парвин Ахмадинежад, алдын-ала есепке қарағанда, жеңілген.

Ахмадинежадтың жақтастарының беделін түсірген Иранның экономикалық тұрақсыз жағдайы болды.

Бұл сайлауға қатыса алмаған оппозиция өкілдері дауыс беруге бойкот жариялаған еді. Сайлау кезінде дауыс беру мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Сайлаушылар көп келгендіктен сайлау учаскелері межелі уақыттан бес сағат кеш жабылды дейді жергілікті ақпарат құралдары.

Аятолла Әли Хаменеидің айтуынша, "сайлаушылардың көп келгені - Иран халқының ядролық текетірес кезінде бірлігі зор екенін Батыс елдеріне тағы да көрсеткені".
XS
SM
MD
LG