Accessibility links

ЕҚЫҰ елдері журналистерді жеткілікті қорғай алмайды


ЕҚЫҰ-ға мүше елдер шеру және қарсылық шараларын хабарлап жатқан журналистерді қорғау үшін көптеген шара қабылдауы керек деп мәлімдеді осы ұйымның баспасөз еркіндігін қорғау жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Өкіл бұл сөзді Әзербайжанның Құба қаласындағы халық наразылығы кезінде екі журналист жараланып, бірнеше тілші шерушілерге қарсы қолданылған, көзден жас ағызатын газдан зақымданған соң айтты.

Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Құбадағы толқуға себеп болған Рауф Хабибов халықтың талабы бойынша жұмысынан босатылғанын айтқан.

Құбадағы оқиға Ильхам Алиев 2003 жылы президент болып сайланғалы бергі елдегі ең ірі қарсылық шарасы болды.
XS
SM
MD
LG