Accessibility links

Пан Ги Мун: Сирия гуманитарлық көмекке кедергі жасайды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияны тағы да гуманитарлық ұйым қызметкерлеріне қолдау көрсетуге шақырды.

Халықаралық Қызыл крест комитеті Сирия билігінің Хомс қаласындағы Баба-Амр ауданы халқына көмек жеткізуге рұқсат етпей қойғанын хабарлаған еді. Ол ауданда үкімет әскері мен оппозиция жасағы соғысып жатыр.

Пан Ги Мун Сирия билігінің бұл әрекеті жөнсіз екенін, ел билігінің Хомстағы бейбіт тұрғындарға қатыгездік көрсеткені жайлы хабар келіп жатқанын айтты. Сирия билігінің қатыгездігін АҚШ өкілі Джей Карни де айыптады.

БҰҰ-ның есебінше, Сирияда 11 айдан бергі қақтығыста жеті жарым мың адам қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG