Accessibility links

Бейжің Сирияны дұшпандық қылмауға шақырды


Дамаскідегі Ресей елшілігінің қабырғасына жазылған граффити сурет. 15 ақпан 2012 жыл
Дамаскідегі Ресей елшілігінің қабырғасына жазылған граффити сурет. 15 ақпан 2012 жыл

Қытайдың сыртқы істер министрлігі наурыздың 4-і арнайы мәлімдеме таратып, Сирияны «ешқандай шарт қоймастан дұшпандық қылуды тоқтатуға» үндеді. Бұл – Бейжіңнің БҰҰ-ның Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты жетекші рөлін қолдайтын алты бөлімнен тұратын мәлімдемесінің бір бөлімі.

Қытай БҰҰ-ның Сирияны гуманитарлық апат жағдайынан құтқару әрекетін мақұлдаса да, «кімнің болсын гуманитарлық мәселелерді желеу етіп Сирияның ішкі мәселелеріне араласуына» қарсы екенін тағы бір білдірді.

Бейжің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы билікке қатысты резолюциясының жолын кескен Мәскеудің әрекетін бұған дейін екі мәрте қолдап шыққан болатын. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирия билігінің үкіметке қарсы наразылық танытушыларды қарумен басып-жаныштағанын қатаң түрде айыптаған еді.

Қытай үкіметі таратқан мәлімдеменің және бір бөлімінде Бейжің халықаралық қауымдастықты «Сирияның тәуелсіздігін, егемендігін, бірлігі мен территориялық тұтастығын сыйлауға» шақырды.
XS
SM
MD
LG