Accessibility links

Тибеттік әйел қарсылық танытып, өртеніп өлді


Тибеттің азаттығын сұрап тұрған наразылық танытушы. Вашингтон, 14 ақпан 2011 жыл. Көрнекі сурет
Тибеттің азаттығын сұрап тұрған наразылық танытушы. Вашингтон, 14 ақпан 2011 жыл. Көрнекі сурет

Қытайдың Тибеттегі саясатына наразылық танытқан төрт баланың анасы өзін-өзі өртеп жіберді. Бұл туралы тибеттік белсенді азаматтар хабарлады.

Азат Тибет тобының белсенділері Ринчен есімді 32 жасар жас әйелдің наурыздың 4-і жексенбі күні Сычуань провинциясындағы Кирти ғибадатханасының алдында осындай жолмен қаза тапқан.

Топ мүшелерінің хабарлауынша, Ринчен - соңғы бір жылдың ішінде Қытайдың Тибетке қатысты саясатына қарсылық көрсетіп өзіне қол жұмсап өлген 16 адамның бірі. Бұл оқиға Бейжіңде Қытай парламенті жылдық сессиясының ашылуына бір күн қалғанда болып отыр.
XS
SM
MD
LG