Accessibility links

Оштағы сайлауда "Ұлт бірлігі" алда келеді


Оштағы сайлаудан көрініс. Қырғызстан, 4 наурыз, 2012 жыл.
Оштағы сайлаудан көрініс. Қырғызстан, 4 наурыз, 2012 жыл.
Наурыздың 4-і Оштың қалалық кеңес сайлауына берілген дауыстың 80 пайызы саналды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, қала мэрі Мелис Мырзакматовпен байланысы бар "Ұлт бірлігі" әзірге 47,35 пайыз дауыспен алға шықты. Ал президент Алмазбек Атамбаевтың социал-демократиялық партиясы 23,98 пайыз дауыспен екінші орында келеді.

Қала мэрін тағайындау үшін "Ұлт бірлігі" партиясы қалалық кеңестегі 45 орынның кем дегенде 20-сын иеленуі керек. Бұрынғы президент Құрманбек Бакиев 2010 жылдың сәуірінде биліктен кеткелі бері Қырғызстанда Мырзакматовтың танымалдығы арта түскен.

Наурыздың 1-і Ошта мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Оған қатысушылар Мелис Мырзакматов пен "Ұлт бірлігі" партиясына қолдау білдірді.
XS
SM
MD
LG