Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіге өткен аптада жаңа санкциялар жариялаған Еуропа одағы елдерінің сыртқы істер министрлерінің атына сын айтты.
Лукашенко өзінің гомосексуалдық ұстанымын жасырмайтын Германияның сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллеге қарата "гей болғаннан диктатор болған жақсы" десе, Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорскийді ұнатпайтынын мәлімдеді. Лукашенко бұған қоса, санкцияларға қарамастан, Беларуське 2014 жылы хоккейден әлем чемпионатын өкізуге рұқсат берілетініне сенім білдірді.
Ақпанның 27-сі Еуропа одағы Беларуське қарсы санкциялар түрін көбейткен болатын. Бұған жауап ретінде Минск Еуропа одағы мен Польша елшілерінің елден кетуін талап етті. Ал Еуропа одағына мүше 27 ел Беларусьтен елшілерін шақыртып алды.