Ресей президенті Дмитрий Медведев дүйсенбіде бас прокурор Юрий Чайкаға сотталған мұнай магнаты Михаил Ходорковский мен басқа 31 адамның ісін қайта қарауды тапсырды.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент сәуірдің 1-іне дейін 32 адамның ісі мен оларға кесілген жазаның қаншалықты заңды екенін қайта қарауға тапсырма берген.
Бұрынғы "Юкос" мұнай компаниясының басшысы, Ресейде бір кездері ең бай адам болған Михаил Ходорковский 2003 жылы тұтқындалып, қаржы жымқырды деген айыппен тоғыз жылға сотталған болатын.
2010 жылы оған қарсы жаңадан тағы компания қаржысын ұрлады және қаржы жымқырды деп айып тағылып, "Юкостың" бұрынғы басшысы Платон Лебедев екеуі 13 жарым жылға қайта сотталған.