Accessibility links

Ерғалиева ЖСДП жетекшілерін қолдау акциясын өткізді


Гүлжан Ерғалиева қамаудағы оппозиция өкілдерін қолдау үшін өткізген пикетте Абай ескерткішіне гүл шоғы мен "көмек сұраған" хатын қойды. Алматы, 5 наурыз 2012 жыл.
Гүлжан Ерғалиева қамаудағы оппозиция өкілдерін қолдау үшін өткізген пикетте Абай ескерткішіне гүл шоғы мен "көмек сұраған" хатын қойды. Алматы, 5 наурыз 2012 жыл.
Дүйсенбі, наурыздың 5-і күні Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева Алматыда қамаудағы ЖСДП жетекшілері Болат Әбілев, Әміржан Қосанов, мұнайшы Естай Қарашаевты және басқа да қуғынға ұшырағандарды қолдау акциясын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Ерғалиева ақынның рухынан қамаудағы оппозиция жетекшілеріне қолдау көрсетуді, биліктің халыққа озбырлығын тоқтатуға көмектесуді сұрап, ескерткішіне хат пен гүл шоқтарын қойды. Жиналғандарға Абайдың 11 қара сөзінен үзінді оқыды.

Акцияға журналистер де қатысты. Полиция сырттай бақылап тұрды.

Қаңтардың 28-і мен ақпанның 25-інде Абай ескерткішінің жанында оппозиция екі рет митинг өткізді. Екеуінде де ұйымдастырушы ЖСДП жетекшілері Болат Әбілев пен Әміржан Қосанов "рұқсат етілмеген митингіні ұйымдастырды" деген айыппен 15 күнге қамалған. Кейбір белсенділерге митингіге қатысқаны үшін айыппұлдар салынды.
XS
SM
MD
LG