Accessibility links

Козловты әйелімен кездестірді


Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов әйелімен кездесті. Бұл жайында Азаттық тілшісіне оның әйелі Әлия Тұрысбекова хабарлады.

Тұрысбекованың айтуынша, Козловтың денсаулығы бірқалыпты. Ол шабының көк етіне операцияны өз еркімен жасатқан.

Әлия Тұрысбекова кездесудің қысқа әрі еркін болмағанын айтады. "Заң бойынша, ауруханада күйеуіммен кездесуге 3 сағат уақыт берілуі керек. Бірақ маған небәрі 40 минуттай ғана уақыт берді" дейді ол.

Бұған қоса, кездесуде ҰҚК Алматы қаласы департаментінің тергеу абақтысының бастығы, жедел тергеу тобының өкілі мен екі қарауылшы да қастарында жүріп, Козлов пен әйелінің не жайында сөйлескендерін тыңдап отырған.

Қаңтардың 26-сында Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Владимир Козловты "әлеуметтік араздық туғызды" деген айыппен екі айға қамауға шешім шығарған болатын. Ал өткен аптада Козловтың қорғаушысы оған операция жасалғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG