АҚШ Ресейді президент сайлауы кезіндегі заң бұзушылықтарға тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырды.
АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде Вашингтонның Ресейдегі президент сайлауын бақылаған ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы ұйымдарының алдын-ала жариялаған есептерін қолдайтыны айтылған. Ол есептерде бұл ұйымдар Владимир Путиннің жеңіске жеткенін мойындаған, бірақ сайлау науқаны кезінде әділетсіздіктер болғаны да айтылған.
Мемлекеттік департамент өз мәлімдемесінде Кремльді болашақ сайлауларды ашық әрі әділ өткізуге шақырған. АҚШ Ресей азаматтарының сайлауды бақылауға қатысқандарын құптайтынын, бейбіт шерулер өткізудегі белсенділіктерін қолдайтынын білдірген.
Бұған дейін Еуропа одағы мен Батыс елдері Ресейдегі сайлауда болған заң бұзушылықтарға алаңдаушылық білдірсе, бірнеше посткеңестік мемлекеттер сайлау нәтижесін қолдайтындықтарын мәлімдеген еді.