Accessibility links

Ливияның шығысы жартылай автономия болмақ


Бұл елдің шығыс аймағындағы тайпалық бірлестіктердің екі мыңға жуық жетекшісі мен дала командирлері жартылай автономия жариялайтынын айтып, мәлімдеме жасады.

Бенгазиде жарияланған құжат бойынша, елдің мұнайға бай шығыс бөлігі Киренаика деген атпен белгілі. Бұл аймақ Сирттан бастап Египетпен арадағы шекараға дейін созылып жатыр. Киренаика Ливия құрамындағы федеративтік құрылым болмақ.

Жетекшілер мен дала командирлері Муаммар Каддафи басқарған тұста басталған аймақтық маргиналдану процесін тек осылай тоқтатуға болады деп санайды.

Ливия уақытша үкіметінің басшысы Мұстафа Әбдел Жәлел бұған наразылық танытып, кейбір араб елдерін "Ливияның шығысындағы наразылардың билікке қарсы көңіл-күйіне дем беріп, қаржылай көмек көрсетіп отыр" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG