Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдегі жоғарғы діни ұйым - діни ғалымдар кеңесінің әйелдер еркіндігін қатаң шектеу туралы қаулысын қолдады.
Карзай өз мәлімдемесінде бұл ұсыныс "ауған әйелдерінің еркіндігін шектемейді, керісінше, оларды қорғайды" деді.
Діни ғалымдар кеңесі наурыздың 2-сінде жұмыс және оқу орындарында әйелдер мен ерлер араласып жүрмесін және әйелдер сыртқа, саяхатқа шыққанда өзінің туысымен бірге жүрсін деген қаулы шығарған болатын. Онда күйеуінің шариғат талаптарын бұзған әйелін ұруына да рұқсат берілген.
Діндарлардың бұл қаулысының заңдық күші жоқ болса да, ауғандық құқық қорғаушылар оны айыптап отыр. Олар ауған үкіметі мұны "бейбіт келісімге келу үшін "Талибан" қозғалысының ыңғайына көніп қолдап отыр" дейді.