Accessibility links

Минск оппозиция жетекшісін Литваға жібермей қойды


Беларусь біріккен азаматтық партиясының жетекшісі Анатолий Лебедьконы Беларусь-литва шекарасынан Литваға жібермей қойды. Демократиялық белсенділердің жорамалына қарағанда, ресми Минск Еуроодақтың өткен аптада Беларуське салған санкциясына балама "қара тізім" жасаған.

Анатолий Лебеденькоға шекарада Еуроодаққа мүше Литваға не үшін жібермей қойғанын түсіндірмеген.

Вильнюсте ол Литва сыртқы істер министрлігінде, парламентте болатын бірнеше кездесуге қатысуды жоспарлап қойған болатын.

Өткен аптада Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері беларусьтік жоғары шенді 20 адамға Еуроодақ аумағына кіруге тыйым салған болатын. Бұдан соң Минск мен Еуроодақтың қарым-қатынасы күрт нашарлап, екі тарап та елшілерін кері шақырып алды.

Беларусь белсенділері де Минск Еуроодақ елдеріне баруға тыйым салынған оппозиция өкілдерінің "қара тізімін" жасап қоюы мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG