Мәскеу билігі оппозицияның президент сайлауы нәтижесіне қарсы шеруін өткізуіне рұқсат берді. Жексенбі, наурыздың 10-ы күні Арбатта өтетін шеруді ұйымдастырушылар 50 мың адам жинайтынын айтады.
Жуықта үшінші мерзімге президент болып сайланған Владимир Путин оппозицияның өткен жолғы шеруін қуып таратқан полицияның әрекеті "кәсіби" болғанын айтып, оларды ақтады. Шерушілердің айтуынша, полицейлер өткен дүйсенбіде қарсылық білдіргендерді сойылмен ұрып, күш көрсеткен.
Оппозициялық «Ресей сайлаушылар лигасы» сайлау қорытындысын сынап, дауыс беру кезінде әлденеше рет заң бұзылғанын айтты. Лиганың пікірінше, 64 пайыз дауыс жинаған Путиннің жеңісін заңды деп тануға болмайды.