Сириялық Қызыл Жарты ай қызметкерлері және БҰҰ гуманитарлық миссиясының басшысы Виктория Амос Хомстың ереуілшілер бекінген ауданы - Баба-Амрге кірді. Олардың айтуынша, тұрғындардың көбі қаладан қашып кеткен.
Бір айға жуық бомбалаудан кейін билік қарсыластары тастап шыққан ауданға бұған дейін ешкімді өткізбей қойған еді.
Виктория Амостың айтуынша, Сирия ішкі істер министрі гуманитарлық ұйымдармен әріптес болуға уәде берген. БҰҰ дерегіне қарағанда, оппозиция мен Башар әл-Асад жақтастары арасындағы бір жылдан бергі қақтығыстан 7,5 мың адам құрбан болған. Олардың көбі - бейбіт тұрғындар.