Accessibility links

БҰҰ Ауғанстанды әйел құқығын қорғауға шақырды


БҰҰ халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауған билігін әйелдерге зорлық көрсетуді тыятын заң қабылдауға шақырды.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі миссиясының Ауғанстандағы басшысы Жоржет Ганьонның мәлімдеуінше, ауған билігі анда-санда 2009 жылы қабылданған заңға ғана жүгінеді. Ол заң бойынша әйелмен еркінен тыс некелесуге және кәмелетке толмаған қыздарды күйеуге беруге болмайды.

Ганьонның айтуынша, Ауғанстанда әйелдер мен қыздар әлі де жәбір көреді, әйел құқығын қорғау жөніндегі шаралар ықтиятты емес.

Бұдан бір күн бұрын Ауғанстан президенті Хамид Карзай ауған діндарларының ұсынысын - "әйелдердің ерлермен бірге оқуына және жұмыс істеуіне, ер туыстарын ертпей жалғыз қыдыруына тыйым салу керек" деген бастамаларын қолдаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG