Accessibility links

Сириялық екі генерал елдерінен қашып кетті


Сирияның жоғары лауазымды бес әскери басшысы (арасында екі генерал, бір полковник бар) Түркияға қашып барды. Түрік билігінің айтуынша, әскербасылар екі күн бұрын өткен сириялықтармен бірге келген. Осылайша Сирияның төрт генералы қызметін тастап, шетелге қашты.

Жуықта Сириядағы оппозицияшыл ұлттық кеңесінің басшысы Бурхан Галиун БҰҰ мен Араб лигасы елдерінің арнайы өкілі Кофи Аннанның ресми Дамаскімен келіссөзге шақырғанынан бас тартқан еді. Галиунның айтуынша, елдегі оппозицияны жаныштау тоқтағанша ол ешкіммен келіссөз жасаспайды.

"Шиеленіскен жағдайды саяси келісім арқылы шешу керек, қарулы қақтығыс істі насырға шаптырады" дейді Кофи Аннан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон Сирия билігін өз халқына оқ атпауға шақырды.
XS
SM
MD
LG