Accessibility links

Дамаскіде Сирия президенті мен БҰҰ өкілі кездесті


Бүгін Дамаскіде Сирия президенті Башар әл-Асад пен БҰҰ және Араб елдері лигасының арнайы өкілі Кофи Аннан осы елдегі қантөгісті тоқтату туралы келіссөз өткізді.

Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, "келіссөз жақсы өткен". Кездесудің басқа егжей-тегжейі айтылмады.

Бүгін Каирде өтіп жатқан Араб елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Катар премьер-министрі шейх Хамад бен Джасем "Сирия оппозициясын елдегі жалғыз заңды билік деп тануға" шақырды.

Сириядағы адам құқын бақылау орталығының дерегінше, бүгін билік әскері Идлиб қаласын атқылап, 20 адамды жаралаған. Қақтығыс кезінде 3 сарбаз мерт болған.

БҰҰ есебіне қарағанда, Сириядағы қақтығыстан жеті мыңнан аса адам қайтыс болды - олардың көбі бейбіт тұрғындар.
XS
SM
MD
LG