Accessibility links

Бахрейнде оппозиция белсендісі қаза тапты


Бүгін Бахрейнде оппозицияның бір белсендісі шеруде алған жарақатынан қайтыс болды. Ол наурыздың басында шииттер тұратын Дираз ауылындағы қарсылық шарасына қатысқан еді деп хабарлайды «Вефаг» оппозициялық партиясының өкілдері.

Кеше де Бахрейннің астанасы Манамада мыңдаған адам көшеге шығып, саяси реформа жасауды талап еткен еді.

Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Бірақ Бахрейндегі адам құқы орталығының басшысы Набиль Раджабтың айтуынша, шеру бейбіт болған.

Шиит оппозициясы Бахрейн конституциясын өзгертуді, билеуші суннит әулетінің билігін шектеуді талап етеді.
XS
SM
MD
LG