Accessibility links

Сирияның солтүстігінде қақтығыс болды


Үкіметке қарсы шерушілер Сирияның бұрынғы президенті Хафез Асадтың суретін өртеп жатыр. Дамаск, 9 наурыз 2012 жыл
Үкіметке қарсы шерушілер Сирияның бұрынғы президенті Хафез Асадтың суретін өртеп жатыр. Дамаск, 9 наурыз 2012 жыл
Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымының жергілікті бақылаушы өкілінің хабарлауынша, Сирияның әскері мен арнайы қызметі елдің солтүстігіндегі Идлиб провинциясында орналасқан Джиср әл-Шугур ауылына шабуыл жасаған. Аймақта жаппай тексеру мен тұтқындау шаралары әлі жалғасып жатыр.

Сириялық белсенділердің айтуынша, кеше - 10 наурызда болған қақтығыс кезінде осы провинцияда кем дегенде 60 көтерілісші оққа ұшқан. 11 наурыздағы шабуыл сол әскери операцияның жалғасы болуы мүмкін.

10 наурызда Сирия президенті Башар Асад БҰҰ мен Араб лигасының уәкілі Кофи Аннанмен кездесу кезінде "қарулы террорист топтармен" ешқандай саяси диалог орнатпайтынын мәлімдеген. Атысты тоқтатып, халықаралық гуманитарлық көмек жеткізу ісін жеделдетуді мақсат тұтатын Аннан Сириядағы жағдайға қатысты қатты алаңдайтынын жеткізген еді.

Алдағы күндері Кофи Аннан Сирия президентімен екінші мәрте кездеспекші.
XS
SM
MD
LG