Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ сарбазы тұтқындалды


Ауғанстанның Кандагар уәлаятындағы АҚШ сарбазы. 20 ақпан 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ауғанстанның Кандагар уәлаятындағы АҚШ сарбазы. 20 ақпан 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ауғанстанның Кандагар уәлаятындағы америкалық әскери базадан рұқсатсыз сыртқа шығып кетіп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған АҚШ сарбазы 11 наурызда қамауға алынды. Жергілікті билік орындарының мәлімдеуінше, америкалық солдат кем дегенде 15 адамды атып тастаған.

Кандагар уәлаяты әкімдігінің баспасөз хатшысы Джавид Ахмад Фейсал Азаттық радиосының Ауған қызметіне оқыс оқиға Пянджваи ауданының Алекозо ауылында болды деп хабарлады.

НАТО таратқан мәлімдеме: "АҚШ әскери қызметінің мүшесі Кандагар уәлаятындағы ауған тұрғындарға зардап шектірген оқыс оқиғаға байланысты қамауға алынды" деп хабарлайды.
XS
SM
MD
LG