Жексенбі, 11 наурызда Жапония бір жыл бұрын осы елде болған алапат зілзала мен Фукусима атом электр стансасындағы апат құрбандарын еске алды. Соңғы ширек ғасырда болған ең ірі ядролық апат атанған төтенше жағдай кезінде 19 мыңнан астам адам қаза тапқан еді.
Ел тұрғындары былтыр зілзала алғаш сезілген уақытпен дәлме-дәл мезгілде апат құрбандарына арнап бір сәттік үнсіздік жариялады.
Негізгі еске алу шарасы Токиодағы ұлттық театрда өтті. Оған Жапонияның императоры Акихито мен премьер-министрі Есихико Нода қатысты.
Былтыр осы күні 9 балдық жер сілкінісі кезінде Жапонияның Фукусима префектурасында орналасқан "Фукусима-1" (жапонша айтылуы: фукусима дай-ити - ред.) атом электр стансасы апатқа ұшыраған еді. Төтенше оқиғадан соң 325 мың жергілікті тұрғын үй-күйсіз қалған болатын.