Accessibility links

Саркози: Франция Шенген аймағынан шығуы мүмкін


Франция президенті Николя Саркози.
Франция президенті Николя Саркози.
Франция президенті Николя Саркози егер Еуроодақ бір жыл ішінде заңсыз иммиграциямен күресті дұрыстап жүргізбесе, онда Францияның Шенген аймағынан шығатынын ескертті.

Президенттік сайлауға тағы түспекші Саркози жақтастарымен сайлауалды кездесуінде "Бақылаудан шығып кеткен иммиграция Еуроодаққа келушілердің интеграциялануына кедергі жасап, аймақтағы әлеуметтік әлсіз топтарға қауіп туғызады" деді.

Иммиграция мәселесі президент сайлауы қарсаңындағы ең көп талқыланып жатқан тақырыптың біріне айналған. Саркози мұның алдында Францияда шетелдіктердің көп екенін де айтқан еді.
XS
SM
MD
LG