Accessibility links

Ангела Меркель Ауғанстанға барды


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель дүйсенбіде Ауғанстанға осындағы Германия әскерилерімен кездесуге барды.

Ол сапар барысында Мазар-и-Шариф қаласы мен Құндыз провинциясындағы Германия әскерилерімен кездеспек.

Меркель Ауғанстанға соңғы рет 2010 жылы келген болатын. Германия Ауғанстандағы 4800-дей сарбазының біразын 2013 жылы шығарып алуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG