Accessibility links

Израиль Газа секторына қайтара соққы берді


Израиль әскерилері Газа қаласына жасаған соққыдан кейінгі көрініс. Газа секторы, 9 наурыз 2012 жыл.
Израиль әскерилері Газа қаласына жасаған соққыдан кейінгі көрініс. Газа секторы, 9 наурыз 2012 жыл.
Израиль жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Газа секторына тағы да әуеден соққы берді. Тель-Авив мұны палестиналық исламшыл топтардың Израиль аумағын зымырандармен атқылағанына жауап ретінде жасап отыр.

Палестиналық дәрігерлердің айтуынша, Газа мен Хан-Юнис қалаларындағы әуе шабуылы кезінде екі адам қаза тапқан. Израильдің соңғы үш күн ішінде Газа секторына әуеден соққы беруі кезінде қаза тапқандар саны 20-ға жетті. Олардың көпшілігі - түрлі радикалдық топтардың жауынгерлері.

Соңғы үш күн ішінде Газа секторынан Израильге 120 зымыран атылған. Шабуылға жауапкершілікті "Ислам жиһады" және "Халықтық қарсыласу комитеті" ұйымдары мойындарына алып отыр.
XS
SM
MD
LG