Accessibility links

Еуропа кеңесі Тимошенконың денсаулығына алаңдайды


Еуропа кеңесі Украинаның бұрынғы премьер-министрі, түрмеде жатқан Юлия Тимошенконың денсаулығына алаңдаушылық білдірді.

Кеңестің бас хатшысы Торнбьорн Ягланд Украина билігіне қарата "Тимошенкоға Украинаның Еуропа кеңесіне берген міндеттемелеріне сай жағдай жасалуы керек" деді.

Юлия Тимошенко "Ресеймен газ келісімін жасасуда қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен былтыры қазан айында жеті жылға сотталған еді. Бірақ ол өзіне қарсы қылмыстық істі саяси қарсыластары қолдан жасады деп санайды.

Ақпан айында Тимошенконы тексерген шетелдік дәрігерлер оның денсаулығы нашарлап кеткенін анықтаған. Олардың айтуынша, Тимошенко ұдайы медициналық тексеруден өтіп, емделіп тұруы қажет.
XS
SM
MD
LG