Accessibility links

Маңғыстау ауданының әкімі ауысты


Маңғыстау ауданына жаңа әкім - Жармағамбет Айтуаровты облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов тағайындап кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Маңғыстау аудандық әкімдігі аппаратының өкілі Қуаныш Бешбаев хабарлады.

Оның айтуынша, бұрынғы әкім Қармыс Боқанов өз өтінішімен қызметінен кеткен.

Маңғыстау ауданына қарайтын Шетпеде 2011 жылы желтоқсанның 17-сінде тұрғындар Жаңаөзенде полицияның халыққа оқ атуына қарсылық білдіріп, полициямен қақтығысқан. Ол оқиға кезінде 1 адам қаза тауып, 11 адам жараланған еді. Шетпеліктер аудан әкімін "толқу кезінде арнайы жасақты шақыртты" деп сынаған.
XS
SM
MD
LG