Accessibility links

Леон Панетта Қырғызстанға барды


АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта сейсенбіде Қырғызстанға барды.

Ол Қырғызстан қорғаныс министрі Талайбек Әмірәлиевпен кездесіп, АҚШ-тың Қырғызстан мен Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарын талқыламақ.

Манас әуежайындағы АҚШ әскери транзиттік орталығы мен Бішкектегі АҚШ елшілігінің өкілдері Панеттаның Қырғызстанға екі күн болатынын, сәрсенбіде Ауғанстанға баратынын айтады.

Өткен айда президент Алмазбек Атамбаев Қырғызстанға келген АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдеріне "2014 жылдан кейін Манас әуежайында ешқандай шетел әскері қалмауы тиіс" деген еді. Вашингтон Ауғанстандағы әскеріне жүк тасымалдауға Манас әуежайын пайдаланғаны үшін Қырғызстанға ақы төлейді.
XS
SM
MD
LG