Accessibility links

Украина түркімен газын сатып алғысы келеді


Украина мен Түркіменстан президенттері Виктор Янукович пен Гурбангулы Бердімұхамедов кездесу кезінде. Киев, 13 наурыз 2012 жыл.
Украина мен Түркіменстан президенттері Виктор Янукович пен Гурбангулы Бердімұхамедов кездесу кезінде. Киев, 13 наурыз 2012 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен Украина президенті Виктор Янукович Украинаның түркімен газын игеру мен тасымалдау ісіне қатысуға ниетті екенін айтты.

Бердімұхамедов Украинаға сапарламай тұрып Киевтің түркімен газын сатып алу мәселесі күн тәртібінде тұрған болатын. Украина билігі қазір түркімен газын ресейдікінен әлдеқайда арзан бағада, 1000 текше метрін 200 АҚШ долларынан сатып алу туралы келісім жасауға тырысып жатыр.

Януоквич түркімен газын Украина арқылы тасымалдауды ұсынып отыр. Оның айтуынша, газды Каспий және Қара теңіз арқылы тасымалдаудың болашағы зор.

Ол бұған қоса Украинаның Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан арқылы өтетін құбыр желісінің жобасына қатысуға мүдделі екендігін білдірді.
XS
SM
MD
LG