Accessibility links

"Британника" кітап түрінде шықпайтын болды


"Британника" энциклопедиясының мұқабасы.
"Британника" энциклопедиясының мұқабасы.
Ағылшын тілінде ертеден шығып келе жатқан "Британника" ("Britannica") энциклопедиясы енді кітап түрінде шықпайтын болды. Бұл туралы Чикагода орналасқан Britannica Inc. компаниясының президенті Йорг Кауз мәлімдеді.

Оның айтуынша, компания енді энциклопедияны электрондық нұсқада, оның ішінде планшеттер мен смартфондарға арналған түрін шығаруға күш салады. Білім беру бағытындағы мультимедиялық материалдар шығару да басты назарда болмақ.

Йорг Кауз "кітап түріндегі энциклопедия шығару қазір ескірді" дейді. Ол бұған дәлел ретінде соңғы жылдары компания табысының 85 пайызы осы өнімдерді сатудан түскенін айтады.

Үнемі жаңартылып тұратын "Британниканың" электрондық нұсқасына жарты миллион пайдаланушы жазылған. Оған бір жылға жазылу бағасы 70 АҚШ доллары тұрады.

Компания енді жұмысын әлеуметтік желілерде жалғастыруды көздеп отыр. Әйтсе де оған тегін "Википедия" энциклопедиясы кәдімгідей бәсекелес болып тұр.

"Британниканың" соңғы 32-томы 2010 жылы 12 мың таралыммен басылып шықты. Одан 8 мыңы сатылып кеткен.

Энциклопедия алғаш рет 1768 жылы Шотландияда басылып шықты.
XS
SM
MD
LG