Қытай полицияның азаматтарды құпия түрде тұтқынға алуына рұқсат ететін заң қабылдады.
Заңды Қытайдың заң шығарушы органы - Ұлттық халық конгресі делегаттарының 92 пайызы қолдаған.
Заң бойынша полиция "мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірген" немесе "терроризм" бабы бойынша айыпталған адамдарды алты айға дейін туыстарына ескертусіз қамай алады.
Бірақ заңның бұл бабы егер күдіктінің ұсталғаны туралы туыстарына хабарлау қылмысты ашуға кедергі болған жағдайда ғана қолданылады. Басқа жағдайдың бәрінде полиция күдіктінің тұтұқындалғаны туралы бір тәулік ішінде туыстарына хабарлау керек.
Заңгерлер, белсенділер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары заңның қабылдануына қарсы болды. Amnesty International "мұндай тәжірибе құпия тұтқындаулар мен адамдардың із-түссіз жоғалып кетуіне жол ашады" дейді.