Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Мәскеу АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстанға әскер мен жүк тасымалдауы үшін өз әуе кеңістігін пайдалануға беру ұсынысын қарастырады" деп мәлімдеді.
Мемлекеттік думада сөйлеген Лавровтың айтуынша, бұл шешім Ресейге өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпал етеді.
Таяу арада Ресей үкіметі Поволжье аймағының Ульяновск қаласындағы әскери базаны пайдалануға беру ұсынысын талқылайды. Егер бұл база пайдалануға берілсе, онда НАТО күштері Ресей аумағында тұңғыш рет әскери база мен әуе жолын пайдаланбақ.
НАТО әскерін 2014 жылы Ирактан толықтай шығару процесі Пәкістан өз әуе кеңістігін НАТО күштеріне пайдалануға беруді тоқтатқаннан кейін біршама қиындап кетті. Қазір АҚШ пен оның одақтастары бұған балама әуе жолдарын іздестіріп жатыр.