Accessibility links

Ауғанстанда 16 адамның қазасына наразылық танытты


Ауғанстанның Қалат қаласының маңында жүрген әскерилер. Көрнекі сурет.
Ауғанстанның Қалат қаласының маңында жүрген әскерилер. Көрнекі сурет.
Бейсенбіде Ауғанстанның Забул уәлаятындағы Қалат қаласында 1 мыңға тарта адам АҚШ сарбазының 16 бейбіт тұрғынды атып тастағанына наразылық шарасын өткізді.

11 наурызда Забулға көрші Қандағар уәлаятында әскери базадан ауылға қарай шығып кеткен сарбаз 16 бейбіт тұрғынды атып тастап, базаға қайта оралған. Қаза тапқандардың 9-ы - балалар. Сарбаздың аты-жөні әзірге аталмай отыр.

АҚШ сарбазды әскери сотта соттау үшін сәрсенбіде Ауғанстаннан әкетті.

Қалат уәлаятындағы наразылық АҚШ қорғаныс министрі Леон Панеттаның Ауғанстанға сапарына орай өтіп отыр.

Панетта мінген ұшақ сәрсенбіде Гильменд уәлаятындағы Кэмп Бастион базасына қонар сәтте ауғандық ер адам ұшу алаңында көлікті жарып жіберіп, қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG