Accessibility links

Журналист Винявскийге рақымшылық жасалды


Игорь Винявский, "Взгляд" газетінің бас редакторы. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл
Игорь Винявский, "Взгляд" газетінің бас редакторы. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл

"Взгляд" газетінің бас редакторы болған Игорь Винявский наурыздың 15-і күні рақымшылық жариялануына байланысты қамаудан босатылды.

"Мен 170-баптың 2-бөлімі бойынша айыпталғам. Бұл - бір топ адамның саяси режимді күшпен құлатуға әрекеттенуі деген сөз. Тергеу барысында мұндай топтың болғаны дәлелденбеді. Сөйтіп айыптауды жаңағы баптың бірінші бөлімі етіп өзгертті. Бұл дегеніңіз ауыр қылмысқа жатпайды. Өзіме қатысты рақымшылық актісін қолдану жөнінде өтініш бердім. Өтінішім қанағаттандырылды. Қылмыстық іс жабылды" деп хабарлады Винявский қамаудан шыққан бойы Азаттық тілшісіне.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін бірқатар оппозициялық басылымдар мен журналистер өздеріне билік тарапынан қысым жасала бастағаны туралы мәлімдеген еді. Игорь Винявский де биылғы қаңтардың 23-інде тұтқындалған. Журналистке билікті күшпен құлатуға шақырды деген айып тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG