Accessibility links

Бахрейнде полиция мен шерушілер қақтығысты


Бахрейнде бейсенбіде, 2011 жылғы шеруді күшпен басудың бір жылдығын еске алу кезінде полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болды.

Кейбір хабарларға қарағанда, қақтығыстар елдің шииттер тұратын аудандарында болған. Көпшілігі мұсылман сүнниттерден құралған полиция жасақтары шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолданған. Шерушілер бұған жауап ретінде полицияға жанғыш сұйықтығы бар бөтелке лақтырған.

Үкімет ереуілдеген жастарды "бұзақылар" деп атап, шиит көсемдерін шерушілерге басу айтып, наразылықтар акцияларын тоқтатуға шақырып жатыр.

Бахрейн билігіне сүнниттік әл-Халифа әулеті ие. Әулет үкіметке толық бақылау жасайды, парламентке министрлер кабинетін тағайындау және заң шығару құзыретін бермейді.
XS
SM
MD
LG