Accessibility links

Парсы шығанағы елдері Сириядағы елшілігін жабады


Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастығына мүше алты мемлекет Сирияның көтерілісшілерді басып-жаныштауын тоқтатпай отырғанына наразылық танытып, Дамаскідегі елшіліктерін жабатын болды.

Ұйым кеңесінің төрағасы Абдуллатиф Зайяни "Елшіліктердің жабылуы Башар әл-Асад режимінің өз халқын қыруы мен дағдарысты шешу ұсыныстарын қабылдамай қоюын айыптау деп түсіну керек" дейді.

Парсы шығанағы ынтымақтастығының мүшелері - Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Оман, Катар және Кувейт.

Жұма күні кешке қарай БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне Дамаскімен қантөгісті тоқтату туралы жүргізген соңғы келіссөздері жайында хабардар етеді.

БҰҰ дерегі бойынша, Сирияда бір жылға созылған билікке қарсы толқулар мен үкімет әскерінің көтерілісшілерге қарсы шабуылдарынан жеті мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG