Accessibility links

Дамаскідегі жарылыстардан 27 адам көз жұмды


Бүгін Сирияның астанасы Дамаск қаласында екі рет жарылыс болып, бірнеше полицей мен бейбіт тұрғын - барлығы 27 адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды.

Бірінші жарылыс тексеру басқармасы маңында, екіншісі қауіпсіздің полициясы ғимараты жанында болды.

Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша,екі жарылыс та "террористік шабуыл" болған, жанкештілер бомба қойылған көлікті жарып жіберген.

Дамаскіде бұған дейін де үш рет жарылыс болып, ондаған адам көз жұмған.
XS
SM
MD
LG