Accessibility links

Түркия Сирияда жоғалған журналистерін іздеп жатыр


Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы бір апта бұрын Сирияда жоғалып кеткен журналистерін іздесуге көмек сұрап, Сирия мен Иран билігіне өтініш айтты.

«Герчек хаят» қоғамдық-саяси журналының тілшісі Адем Өзкесе мен оператор Хами Жөшкүн Сириядағы жағдай туралы фильм түсірмек болған. Олар редакцияға соңғы рет Сирияның солтүстік-батысындағы бүлік шығып жатқан Идлиб қаласынан хабарласқан. Қаланы сол күні үкімет әскері қоршап алып, байланыс үзілген.

Түрік ақпарат құралдары "журналистерді Сирия арнайы қызмет орындары ұстап отыр" деп болжайды.
XS
SM
MD
LG