Мәскеудің орталығында жүздеген белсенді "Саяси тұтқындарға - бостандық!" деген ұранмен шеруге шықты. Ұйымдастырушылар мемлекеттік дума депутаты Геннадий Гудковпен кездесуге келгендерін, оған биліктің рұқсаты керек емесін айтады.
Шеру өтіп жатқан Пушкин алаңын полиция қоршап тұр. Плакат ұстап шыққан бірнеше адам тұтқындалды.
Белсенділер бизнесмен Алексей Козловқа шығарылған үкімге қарсылық білдіріп, НТВ телеарнасын өтірікші деп айыптады. Бұл телеарна «Қарсылық анатомиясы» деген фильм көрсетіп, оппозиция шерушілерге ақша береді деген еді.