Германияда нацистік концлагердің бұрынғы күзетшісі Джон Демьянюк қайтыс болды. Ол былтыры 5 жылға сотталған еді. Бавария телеарнасының хабарлауынша, 91 жастағы Демьянюк Германияның оңтүстігіндегі қарттар үйінде көз жұмған.
Джон - бұрынғы аты Иван - Демьянюк Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі адам өлімдеріне айыпты деп танылған. Ол соғыс жылдары Польшадағы 27 мың адамды мерт еткен Собибор концлагерінде күзетші болған еді.