Accessibility links

Ливияның бұрынғы бас барлаушысы тұтқындалды


Саиф әл-Ислам Каддафи (сол жақта) мен Абдулла Сенуссиге іздеу жариялаған кездегі сурет.
Саиф әл-Ислам Каддафи (сол жақта) мен Абдулла Сенуссиге іздеу жариялаған кездегі сурет.
Ливия президенті Муаммар Каддафидің үкіметінде барлау қызметі басшысы қызметін атқарған Абдулла Сенусси жұма күні кешке Нуакшот (Мавритания) әуежайында тұтқындалды.

Сенусси Мали азаматы деген жалған құжатпен Касабланкадан келгенде қолға түсті. Оны тұтқындау туралы ордерді Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот 2011 жылы берген еді. Абдулла Сенусси "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деп айыпталды.

Осы ордер бойынша өткен жылы қарашада Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG