Accessibility links

Пхеньян спутник ұшырмақшы


Мемлекеттік телеарна дикторы жаңа спутник ұшырылғаны туралы хабарлап отыр. Пхеньян, 16 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Мемлекеттік телеарна дикторы жаңа спутник ұшырылғаны туралы хабарлап отыр. Пхеньян, 16 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Солтүстік Корея үкіметі ғарышқа спутник ұшыру туралы жоспарын өзгертпейтіні туралы мәлімдеме таратты. Пхеньянның ресми орталық жаңалықтар агенттігі егер бұл жоспар орындалмай қалады деп ойласа, онда "дұшпандық қылушы күштер" қатты қателеседі деп хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес, спутник ұшыру жоспарын сынау - "дұшпандық қылушы күштердің" "арамза" арандату әрекеті. АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония бұл жоспарды әскери зымырандарды сынау деп айыптап шыққан еді. Бұл үш мемлекеттің сипаттауы бойынша спутникті ғарышқа шығару кезінде Пхеньян алыс қашықтыққа арналған қанатты зымыранын сынап алмақшы.

Вашингтон Солтүстік Кореяға жіберіп отырған азық-түлік көмегін тоқтатам деп сес көрсетті. Бұл көмек бірнеше апта бұрын ғана екі ел арасында жасалған келісімнің бір шарты еді. Келісім-шартқа сәйкес Пхеньян ядролық бағдарламасына қатысты шектеулерді қабылдап, алыс қашықтыққа арналған зымырандарын сынауға мораторий жариялауы тиіс болатын. Пхеньян наурыздың 17-і күні спутник ұшыру жоспары туралы халықаралық ұйымдарды хабардар қылғанын уәж қып алға тартты.
XS
SM
MD
LG